Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға экстрадицияланбақ

БиболФото: instagram.com/bivol_kate

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында бокс бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне қозғалған іске пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистер одан Екатерина Биволға қазақстандықтар мен қырғызстандықтарға қатысты жеккөрушілік сипаттағы мәлімдемелерінен кейін қандай шаралар қабылданатынын сұрады.

"Ол бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасып жатыр. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Егер ол ұсталған жағдайда Бас прокуратура арқылы экстрадициялау мәселесін көтереміз", - деді Санжар Әділов.

БАҚ өкілдері Екатерина Биволдың Ресей азаматы екенін айтып, оны Қазақстанға қалай экстрадициялауға болатынын сұрады.

"Ұсталған жағдайда Бас прокуратура оны беру туралы мәселе көтереді", - деді вице-министр.

Биыл қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми растады. Кейін боксшының бұрынғы жұбайына іздеу салынды.

Сонымен қатар, Екатерина Биволға Қырғыз Республикасында да іздеу жарияланған. Ол жақта оған қатысты Қылмыстық кодекстің 330-бабы ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру") бойынша іс қозғалған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланғаны хабарланды.  Екатерина Бивол Instagram желісінде түрлі ұлт өкілдеріне, оның ішінде қырғыздар мен қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтып, видео жариялаған еді. Осындан кейін Қырғызстанның ішкі істер министрілігі Екатерина Биволдың үстінен “ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғады.. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 12:38
Талқылау