Дмитрий Баландин сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баландиннің сүйіктісі – 25 жастағы Кристина Тыныбаева, мәнерлеп жүзумен айналысады. Бойжеткен романтикалық сәттің кадрларын Instagram парақшасында жариялады.

Дима мен Кристина ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Жұптың әлеуметтік желідегі алғашқы суреті 2016 жылы жарияланған.
Айта кетейік, Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Олимп шыңын бағындырған кезде спортшы небәрі 21 жаста еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"