Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин Қазақстанның су спорт түрлері федерациясының басшысы болып тағайындалды

Дмитрий БаландинФото: olympic.kz

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстанның Су спорт түрлері федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, бұған дейін бас хатшы қызметін атқарған Сергей Дроздов өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан, осыдан кейін кезектен тыс конференция қатысушылары Дмитрий Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

"Дмитрий Баландиннің тағайындалуы оның спорттағы жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар федерацияны жаңарту мен институционалдық тұрғыда нығайтуға маңызды қадам. Біз оның кәсібилігі мен беделі еліміздегі су спорт түрлерінің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз", – деді федерация президенті Нұрлан Жақыпов.


Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті қанша қаржы жымқырғанын айтты


Айта кетейік, Дмитрий Баландин – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол 2021 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының жүзу бойынша жаттықтырушысы әрі кеңесшісі қызметін атқарып келеді.

Еске салсақ, 2025 жылдың наурызында Қазақстанның су спорт түрлері федерациясының жаңа президенті сайланған еді. 

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Маусым, 2025 18:59
Талқылау