Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни рәсім: Үндістанда әйелді құрбандыққа шалып, басын кескен

Үндістанның Ассам штатында аскеттің жанын тыныштандыру үшін құрбандыққа әйелдің басын шалған. Төрт жыл бұрынғы іс енді ашылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hindustan Times газетіне сілтеме жасап.

Әйелдің басын кескен бес адам қамауға алынды. Оқиға 2019 жылы Гувахатидегі Камахья ғибадатханасының жанында болды.

Амбубачи Мела кезінде 64 жастағы Шанти Шоудың басын кескен. Ол кезде полиция дәлелдердің жоқтығына байланысты кінәлілерді анықтай алмады, бірақ жақында күдіктілер қамауға алынды. Бірақ тергеу жалғасуда, өйткені бірнеше айыпталушы әлі жасырынып жүр.

Шанти Шоу Гувахатиге 2019 жылдың шілдесінде діни мерекеге келді. Патхак және оның серіктестері оны 18-19 шілдеге қараған түні бірнеше рәсім болатынын айтып, алып кеткен. Соңында әйелді жерге жатқызып, басын шапқан. Осыдан кейін басын целлофанға орап, Брахмапутра өзеніне лақтырды. Тікелей кісі өлтіруге бес адам, ал оның алдындағы рәсімдерге 11 адам қатысты деп есептеледі.

Марқұмның жеке басы киім қалдықтары, татуировка және басқа да белгілерден анықталды. Қылмысты ұйымдастырушы қанды рәсімге қатысушылардың әрқайсысына 10 мың рупий (54 890 те4ге) төлегенін мойындады.

Ұлттық қылмыстарды тіркеу бюросының мәліметі бойынша, 2014-2021 жылдар аралығында Үндістанда 103 адамды құрбандыққа шалған.

Талқылау