Динара Сұлтанның жанашыр қызы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
Әншінің қызы “Арман жолында” бейнебаянын көрген сайын анасы суға батып кете ме деп алаңдайды екен. Бүлдіршіннің бұл қылығы желі қолданушыларын тәнті етті.
Фото: instagram.com/dinara_sultan1/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Динара Сұлтанның кіші қызы анасының бейнебаянын көріп, ол суға батып кете ме деп алаңдап жүр. Анасының көлге жақындап қалғанын көрген сайын “Анашым, ол жерге баруға болмайды. Суға жақындама” деп айқайлап қоя береді екен. Бүлдіршіннің бұл қылығы желі қолданушыларын тәнті етті. Олар әншінің балаларының мейрімді, бауырмал болып өсіп келе жатқанын тілге тиек еткен-ді.
“Жаным-ау, мамасына жаны ашып жатыр ғой”, “Керемет! Мамасына жаны ашып отыр. Сіз тамаша анасыз”, “Осы өлеңді жақсы көремін. Бейнебаян да сапалы”, “Жаным сол! Жарайсың, өзің қазақша сөйлейді екенсің”, “Тәп-тәтті тілінен сол” сынды пікірлер білдірді желі қолданушылары.
Ал видеодан әншінің жолдасының өнерге қатысы бар екенін байқауға болады. Өйткені ол үнемі Динара ән айтқан сайын оны гитарамен сүйемелдеп отырады. Елге оралған Динара балаларына өзінің туған жерін көрсетіп, Бурабайға дейін алып барған болатын. Ол шетелден құр алақан келмей, тыңдармандарына “Арман жолында” атты бейнебаян ала келген.
Жіберіп алмаңыз:
Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатқан дегендерге жауап берді
Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті
Динара Сұлтан жас аналарға бесіктің басқа түрін қолдануға кеңес берді
Динара Сұлтан үш қыздан кейін ұлды болды
Динара Сұлтан кезекті бейнебаянына сүйіктісін түсірді (видео)