Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 15:46

Отбасымен шетелде тұрып жатқан әнші Динара Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісінің бір бөлігі ғана көрінетін сурет салып, желі қолданушыларының қызығушылығын арттыра түсті.

image

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Динара Сұлтан – қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы. Ол отандық “Superstar” жобасына қатысқан соң бағы жанды десе де болады. Осы жобадан кейін әнші “China town” тобының солисі атанып, Халықаралық “Жас толқын” байқауына қатысты. Бірақ Динара топтан кетіп, бірнеше жыл қатарынан халық көзінен таса болған-ды. Бойжеткен шуақты елге қоныстанып, өзін отбасылық өмірге арнаған екен. Десе де шығармашылықтан ешуақытта түбегейлі бас тартпайтынын айтады.

Әнші тұрмысқа шыққанына бірнеше жылдың жүзі болса да, сүйіктісін жасырады. Сұхбаттарының бірінде “Оны жасырмайтындығын, бар болғаны тіл-көзден сақтағысы келгенін айтқан болатын. Сөзіне сенсек, жолдасы жасы өзінен үлкен, спортшы азамат. Жеке кәсібі де бар көрінеді.

1391250_1492400154342982_1698278187_n

Жақын күндердің бірінде Динара әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісінің бір бөлігі ғана көрінетін суретті салып, “Сүйіктіммен селфи. Өкінішке орай, ол кадрға сыймай қалған екен. Мүмкін бізді суретке түсірген адам оны көрсеткісі келмеген шығар” деп жазып қойған.

Мұны көрген желі қолданушыларының бірі ренішін жеткізсе, енді бірі жолдасын теледидары бар адамның барлығы көргенін айтып жатыр. Суретке қарап серігінің жасы айтарлықтай үлкен екенін байқауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Динара Сұлтанның болашақ аналарға бесіктің басқа түрін қолдануға кеңес бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар