Динара Сұлтан қыздарын тек қазақша сөйлетіп, өнерге баулып жүр (видео)
Әнші Динара Сұлтан қызы Манюмен бірге “Арман жолында” атты әнді орындады. Көпшілік кішкене бүлдіршіннің өнеріне тәнті болды.
Фото: instagram.com/dinara_sultan1/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Динара Сұлтан Батырхан Шүкеновке арналған көрмеде ұлын қолына алып тұрып ән салған болатын. Бұл жолы әнші “Арман жолында” атты әнді Маню есімді қызымен бірге орындады.
Тыңдармандарының бірі кішкене бүлдіршіннің даусына тамсанса, енді бірі әншінің қыздарын қазақ тілінде сөйлеуге үйретіп жүргенін ұнатқан-ды. “Жарық жалғанның лебі қалмады. Асау арманым қайда?! дейді менің тәттім” деп жазады Динара Сұлтан видеоның тұсына.
“Қыздарыңызбен кәдімгі қазақша сөйлесетініңіз жақсы екен. Қазір таңданатын күнге жеттік қой. Тіпті таныстарымыздың өзі “доча”, “сына” деп шақырып жатса, жыным келеді”, “Дауысы қандай керемет. Болашақ әнші дей берсек те болады”, “Өздеріңді сағындым қатты”, “Жарайсың! Әнді өте жақсы орындап шықты” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Динара Сұлтан “Маржан қыз” әнін гитарамен ерекше орындап шықты (видео)
Динара Сұлтан кезекті бейнебаянына сүйіктісін түсірді (видео)
Елге оралған Динара Сұлтан жаңа бейнебаян түсірді (видео)
Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатқан дегендерге жауап берді