Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан: Күйеуіме көз тиеді деп жасырып келдім

Өткен аптада Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Динара Сұлтан алғаш рет өмірлік жолдасы туралы сыр шерткен болатын. Бұған дейін жолдасын жұрт көзінен жасырып келген әнші алғаш болып жары Ерлан Қожасбайды сайтымыздың тілшісіне көрсетті.

динара султан куйеуі туралы

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында әнші осы күнге дейін күйеуін жасырып келуінің себебін көз тиеді деп түсіндірді.

«Біреулер айтып жатады: «Балаларыңа көз тимейді де, күйеуіңе тие ме?» деп. Иә, күйеуіме көз тиюі мүмкін. Балалар енді оларды да көп көрсетпеуге тырысамын. Кейде ішіме сыймай кеткенде балаларды көрсеткім келеді, олардың жасаған жұмыстарының нәтижесін, мақтанамын. Сондықтан кейде балаларым шығып қалады инстаграмға», – деп түсіндірді Динара.

Шындап келгенде, әншінің көз тиеді дегені қалжың болып шықты. Бұдан кейін Динара күйеуін жұрт көзінен тасада ұстауының нағыз себебін айтты.

«Ал күйеуімнің өзінің ойы – ешқайда шықпау. Өзің шығып жүре бер деп айтады. Сол үшін салмаймын. Көз тиеді деп әшейін ойнап айтамын, шыны керек, өзі ешқайда шыққысы келмейді», – дейді Динара.

Айта кетейік, әншіден 17 жас үлкен Ерлан Қожасбай отандық меценттардың қатарына қосылып үлгерген.

Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимов соңғы кездері келіншегін жұрттан жасыруының себебін түсіндірді

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті (фото)

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Талқылау