Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динагүл: Оқу деп жүріп анамның көз жұмғанын естімедім, жерлеуіне де бармадым

Динагүл Тасова анасының жерлеу рәсіміне бармағанын айтты. Тіпті анасының қайтыс болғанын естімегенін айтты. 

Динагүл: Оқу деп жүріп анамның көз жұмғанын естімедім, жерлеуіне де бармадым

Бұл туралы «TalkLike» жобасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Модель Павлодарда оқу оқып жүргенде Оңтүстікте анасының қайтыс болғанын айтты. Алайда ол жайлы хабар алмаған. Тіпті жерлеуіне де бармаған. Қызы алыс жолда болғаны үшін әкесі хабар айтпаған көрінеді. 

Анасымен бірге сіңлісі де көз жұмған екен. Айтуынша, уланып қайтыс болған. Тірі кезінде де анасы мен жақындарын бір жыл көрмегенін айтады. 

"Анам жақында түсіме кірді. Сені халық сонша талқылап, сын айтып жатыр. Неге көп сынға іліктің деп сұрап жатыр екен. Мен түсімнің өзінде анама өзімнің ар сатып жүрмегенімді, бұл шығармашылық жұмыс екенін айтып жатыр екенмін", - деді ол.

Әсіресе, ауылдағы туыс, көрші-көлеңнің жазған пікірі жанына батқанын айтады.

"Әкемнің, менің намысыма тиіп сөздер жазады. Әкең сен үшін жерге қарап тұрды дейді. Мен керісінше қазақ дизайнерлерінің, қазақ стилистерінің жұмысын көрсетіп жүрген қазақтың қызымын. Жай ғана аз ақша арын сатып жүрген қыздар жетеді", - дейді Динагүл.


Оқи отырыңыз: Модель Динагүл Тасова: Төсімді ашып шыққаным үшін 150 мың теңге алдым

Талқылау