Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дина Таңсәрі күйеуі екеуін біреу аңдып жүргенін мәлімдеді

Дина Таңсәріні аңдыған

Фото: НеМолчи

НеМолчи қорының басшысы Дина Таңсәрі белгісіз біреулердің аңдуына байланысты үш күн бойы пәтерінен шыға алмағанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Черногория полициясы қазақстандық белсенді Дина Тансәрі мен оның күйеуі Алмат Мұхамеджановты аңдуға қатысты тергеуді бастады.

“23 маусымда Дина Таңсәрі босқындарға арналған шарада дәріс оқып жатқанда, күйеуі кепка киіп, көзілдірік таққан қазақ ер адамды байқап қалған. Бірақ қазақтар бұл жерге жиналмайды дейді. Ер адам кітап оқып жатқандай киіп танытып, кетпей қойған. Алмас оны фотоға түсіріп бастаған кезде бетін жауыпты. Алматтың айтуынша, үйге оралған соң да олардың соңынан ерген”, – деп жазды қор.


Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін #НемолчиKZ қоры жойылу алдында тұр


Дина Таңсәрі қандай қылмыстар бойынша күдікке ілінді: Бас прокуратура айтып берді


Мәлімдеулерінше, пәтерге қайтқаннан кейін де балконнан сол ер адамды көрген. Ол телефонына қарап отырды. Яғни ер адам олардың үйлеріне, кіре берістеріне дейін барған. Содан кейін дрон терезелердің маңынан ұшты. Содан кейін олар терезелер мен перделерді жауып тастапты.

Қордың хабарлауынша, ерлі-зайыпты полицияға болған оқиғаның дәлелдерін, соның ішінде куәгерлердің сөздері мен фотосуреттерін беріп үлгерген.

Черногорияда тергеу жалғасып жатыр.

НеМолчиKZ қорының хабарлауынша, соңғы екі жылда құқық қорғаушылар бірнеше рет қысым көрсету әрекеттеріне тап болған, яғни  аккаунттарын бұзу әрекеттері жасалды, сенім телефондарына шабуыл жасалды, сондай-ақ тікелей қоқан-лоққылар да болды дейді. 

Бұған дейін Дина Таңсәрі Черногория билігінен баспана сұратқан еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 10:37
Талқылау