Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың бала кезінде берген сұхбаты елді сүйсінтті (видео)

Димаш Құдайбергеннің бала кезінде Қазақстан-Ақтөбе жергілікті телеарнасына берген сұхбаты жарияланды.

20170219105417

Сұхбатты тыңдай отырып, Димаштың бала күнінен сөзге шешен болғанын, ойын ашық жеткізе алғанын байқауға болады.  Ол жүргізушінің сұрағына толықтай әрі жан-жақты жауап берді. Сөз арасында қазақстың ұлы тұлғаларын, ақын-жазушыларын қадірлей отырып, соның ішінде Абай Құнанбаев, Әлия мен Мәншүкті үлгі тұтатынын айтып өтті.

Одан бөлек ата-анасы мен ұстаздарына ерекше алғысын білдірді.

«Қазақ ертеден өнерге бел буған, өнерді бағалаған халық. Менің басты арманым – қазағыма үлесімді қосып, пайдасына жарасам, менің ең басты арманым сол», – дейді Бала Димаш.

Бала Димаш өнермен қатар таэквондомен айналысатынын да атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенді жүздеген қытайлық жанкүйер әуежайдан күтіп алды (видео)

Димаш бесінші кезеңде орындаған әннің видеосы пайда болды (видео)

Қытай қызы: Димашпен тек Майкл Джексон теңесе алар еді (фото)

Талқылау