Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың анасы 20 жыл бұрынғы хит әнін орындады

Светлана Айтбаева Темір ауданының Ақтөбедегі күндерінде басты кейіпкерге айналды.

IMG_4283-e1497266561543

Сәңкібай батыр даңғылында өткен көше мерекесінде оны Бердібек Сапарбаев қалың көпшіліктің арасынан шақырып алып, ілтипатын білдірді, деп хабарлайды Ақтөбе газеті.

Ал кешқұрым тұңғыш президент саябағында өткен гала-концертте әнші 20 жыл бұрынғы хит әнін орындап, жиналған жұрттың жүрегін елжіретті. Светлана Айтбаева екі мыңыншы жылдары көптің көңілінен шыққан «Келмедің» әнін шырқады.

IMG_4369-e1497266917551

Сахнадан шыға бере оны қаумалаған жұрт бір сағаттан көп әуреледі. Әсіресе, кішкентай балалар «Димаштың мамасымен селфи жасаймыз» деп әншіні қоршап алды.

Светлана ақтөбеліктерге мерекелік көңіл күй сыйлаған жерлестері — Темір ауданының жұртшылығын, осынау шараға мұрындық болған облыс басшысына алғысын білдірді. Сонымен бірге, ауданның Ақтөбедегі күндеріне орай ұйымдастырылған көрме атаулыны түгел аралап шықты. Концерттің соңына дейін ауылдастарының жанында болды.

Анасы Димаштың бүгінде Астанада «Бастау» концертіне дайындалып жатқанын жеткізді. Одан бөлек шет мемлекеттерге гастрольдік сапарлары барын айтты.

«Амандық болса, Димаш Астанадағы концертінен кейін Ақтөбеге келемін деп отыр», — деді ол.

Тағы да оқыңыз:

Димаш Джеки Чанның актер болу туралы ұсынысына жауап берді (видео)

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Ақтөбеге баруға дайындалып жатыр

Джеки Чан: Димаш керемет киноактер бола алады

Талқылау