Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың әкесі оны музыкаға баулыған ата-әжесіне алғыс айтты

Қанат Айтбаев ұлын 5 жасынан бастап музыкаға баулыған ата-анасына алғыс айтты.

16230603_1253718014707452_6872845540808196096_n

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қанат Айтбаев әлеуметтік желі арқылы қуанышының әлі күнге дейін қойнына сыймай жатқанын жеткізді. Ол ұлы Димаш туралы тың мәліметтерді бөлісіп жатыр. Бұл жолы оны музыкаға баулыған өзінің ата-анасы екенін айтып қалды.

“Димаш “папа”, “мама” деп атайтын менің әкем Құдайберген, анам Миуа. Балаларын бес жасынан музыка мектебіне апарып, үлкен еңбек сіңірген осы кісілер! Қуаныш құтты болсын, сүйікті ата-анамыз!” – дейді Қанат мырза.

16229109_259788327776210_2436927558571261952_n

Яғни Димаш осы кісілердің қолында тәрбиеленген. Тіпті, біраз уақытқа дейін өзінің биологиялық ата-анасы туралы білмеген екен.

Желі қолданушылары да өз кезектерінде әкенің бұл сөзіне қосылды. Витасты Димаштың үстінен шағымданғаны үшін жек көріп кеткендерін де жасырмады. “Құтты болсын! Негізі Димаш сіздің ұлыңыз ба?”, “Қанат әкесіне қатты ұқсайды екен. Сіздерге және ата-аналарыңызға көп рахмет!”, “Бәрекелді! Ата-апасы аман болсын”, “Ананың шағымына қатысты қашан пікір білдіресіздер? Құқық деп бүлдіріп кетті ғой. Сіздер мұны алдын ала ойластырып, шешіп қойған шығарсыздар? Түу, сол орыс маза бермеді ғой”, “Жеңіс құтты болсын! Ары қарай да сәттілік үзілмесін. Барша қазақ жұрты Димаш ағаға сенеді” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Қосыла ән шырқаған Кенжебек Жанәбіловтің егіздері көпшілікті сүйсінтті (видео)

Димаш Қытай шоу бизнесінде көш бастап тұр

Витас Димаш Құдайбергеновке өз әнін орындауға тыйым салды

5 мемлекетте демалып келген Баян Есентаева іске кірісті

Әйгілі “Chanel” мұрагеріне тұрмысқа шыққан Тоғжан Ізбасарова қыз босанды

Талқылау