Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытай шоу бизнесінде көш бастап тұр

Әнші Қытайдың ең танымал өнерпаздар ондығында бірінші орында тұр.

16122847_244929472615753_2852164343913512960_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Димаштың үстінен арыз түскені туралы хабар оның тыңдармандарын мұңайтты. Себебі, көпшілік Димаштың орындауында осы әнді естігілері келетінін айтқан болатын. Алайда Қанат Айтбаев жұртпен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол ұлының Қытай еліндегі тағы бір жетістігін атады.

Қытайда “Мен әншімін” байқауынан тыс танымал әнші, актерлер арасында рейтинг құрастырылған екен. Осы сайыстан тыс тізімде Димаш көш бастап тұр.

16122847_244929472615753_2852164343913512960_n (1)

Желі қолданушылары қуаныштарының еселене түскенін жасырмады. “Димаштың видеосын көргендердің саны ҚР халқының санына жетейін деген екен”, “Жарайсың, Димаш! Аман жүр”, “Бізге Димашты берген Алладан айналдым”, “Қытай шоу бизнесінде бірінші орында тұр біздің батыр”, “Димаш, өнердің шыңына жет!” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова өзін “ұмытуды бұйырды” (видео)

Витас Димаш Құдайбергеновке өз әнін орындауға тыйым салды

Әжесі: Димаш біраз уақытқа дейін туған әке-шешесін білмей жүрді (фото)

Димаш Құдайбергеновтің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Талқылау