Жерлестері Димашты Ақтөбеде ерекше ықыласпен қарсы алды (фото, видео)
Ақтөбеліктер Димаш Құдайбергенді әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Димаш Құдайбергенді күтуге облыстық филармония ұжымы, музыкалық колледж студенттері түгел жиналды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов та күтіп алды, депхабарлайды Қазақпарат.
Жиналғандар әуежайда халық әндері мен әнұранды орындап, ерекше көңіл-күй сыйлады.
“Мен А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжде оқимын. Димашты бала кезден танимын, ата-анасымен де қарым-қатынасым жақсы. Жерлесіміздің жетістігіне қуанып, қолдауға келдік. Сәттілік тілейміз”,-деді жанкүйері Ибрахим Амин.
Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваның айтуынша, Қытайдан келген түсіру тобы әнші білім алған орта мектепке, Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжге барады.
Айта кетсек, қазақстандық әнші түсірілім жұмыстары толық аяқталғаннан кейін елге Үрімжі әуежайынан ұшып шықты. Димаштың әуе рейсін алдын-ала біліп алған көптеген жанкүйер оны “Дудар-ай” әнімен жолға шығарып салды. Димаш 23 ақпан күні “Мен әншімін” ән байқауының жетінші кезеңінде «Дайдидау» әнін шырқап, үшінші орыннан көрінді. Бұл кезең эфирге 4 наурыз күні шығады.
Жіберіп алмаңыз:
Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады
Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)
Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды
Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді
Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)