Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы деректі фильм шығады
Фото: https://ru.dimashnews.com/
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеке концертін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мыңдаған жүрек. Бір тыныс. Бұл түн тарихта да, менің жанымда да мәңгі қалады. Бұл арманды менімен бірге бөліскендердің бәріне рақмет! Менің командам, музыканттар, көрермендер және осы сапарға сенген барша жанға алғыс айтамын! Музыка бізді біріктірді. Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға. Осы концерт туралы деректі фильм түсірілді. Бұл сапар, сәттер және бірге сезінген қуат туралы. Жақында...," –деп жазды Димаш Құдайберген.
-
Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры босқындар мәселесін де қамтиды
-
"Еркекше сөйлескім келді": Димаш Құдайберген "Боратпен" жолыға алмай жүргенін айтты
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше қарсы алған еді.
Dears қауымдастығы Димаштың әндерін қосып, биыл жазда хит болған "Tau Ishinde" әнін бірге шырқады. Әншіні көрген сәтте жанкүйерлер оны ду қол шапалақпен қарсы алып, гүлдер мен сыйлықтар тарту етті. Халық әртісі жанкүйерлерімен емен-жарқын сөйлесіп, қолтаңба берді. Бірге суретке түсіп, олармен бірге әйгілі "Besame Mucho" әнін орындады.

Қазақстанда отбасылардың жәрдемақы алу үшін әдейі ажырасатыны рас па? Зерттеп көрдік
