Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Димашпен базарда ән айттым": Сабина Мовлаева өзін блогер дейтіндерге жауап берді

Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/

Атышулы блогер Сабина Мовлаева блогер деп танитын халыққа ренішін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі негізі кәсіби әнші екенін айтып, балалық шағынан сыр шертті. 

"Мен негізінен блогер емеспін. Адамдар солай ойлайтын шығар. Мен мұның алдында FM деген топта болдым. Ал 10 жасымнан бастап ән айтамын. Димаш Құдайбергенмен бірге Ақтөбедегі филармонияда 8 жыл бірге жұмыс істедік. Димаш мен, Калифарния – үшеуміз базарда ән айттық. Мен негізі әншімін. Мені көпшілік блогер ретінде қабылдап қалды. Сондықтан да мені әншілікке қалай келді екен деп түсінбей жатқандар бар.  Негізінен менің тембрім жақсы, диапазоным кең. Мүмкін әлі толық ашыла алмай жүрген шығармын деп ойлаймын. Әншілікті қазір қолға ала бастағанымның себебі, 35-40 жасымда бастасам біртүрлі болатын сияқты көрінді. Сол себепті 27 жасымда кірісіп кеттім", – деді блогер Сабина Мовлаева.



Еске салайық, блогер сыныптасы Калифарнияға ренішін жеткізген еді. 

“Фархаттың “Қар” әні хит болып жатқанда Ақтөбедегі ойын-сауық орталығына шақырдым. Біз бір мектепте оқыған сыныптаспыз. Енді-енді атақты болып келе жатқанда бір-бірімізге көмектесейік дедім. Шынымды айтсам, өзім де бала күнімнен танымал болуды армандадым. Сахнаға шығып, ән айтқанды жақсы көрдім. Ол менен асқан танымал болғасын, көмектесуін өтіндім. “Сен түгілі Қайрат Нұртасқа ән бермеймін” деп айтып қалды. Жүрегіме қатты тиді. Содан кейін шегініп қалдым. Блогерлікті де жақсы көремін, бірақ ән айту арманым еді”, – деп жан сырын ақтарған еді Сабина.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 15:53
Талқылау