Димаш Шанхайда Дәулеткерейдің күйін орындап, домбырасын жанкүйеріне сыйлады (видео)
Кеше әлемге танылған жерлесіміз Димаш Құдайберген Қытайдың Шанхай қаласында концерт берді. Ән кеші барысында ол қазақша әндер айтып, Дәулеткерейдің “Көрұғлы” күйін орындап берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Одан кейін әнші аяғын жерге тигізбей көтермелеп жүрген қытайлық жанкүйерлеріне алғыс ретінде қолындағы домбырасын сыйға тартқысы келетінін айтты.
Бұл аралықта кеш жүргізушілері арнайы лототронның көмегімен домбыраның иесін анықтады.
“Жанкүйерлеріме айтатын сөзім көп. Осы байқаудан кейін аяғымды ешқашан жерге тигізбей, қошемет көрсетіп, көтермелеп жүргендеріңізге үлкен рахмет. Сіздер барда, сахнада Димаш бар”, – деді Димаш жанкүйеріне домбыраны сыйға тарту барысында.
Бұдан өзге Димаш шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті. Ол жақын арада Қытай қалаларын аралап, арнайы турнеге шығатынын айтты. Сондай-ақ, жеке альбомын әзірлеп жатқанын тілге тиек етті.
Қытай журналистеріне берген сұхбатында Димаш бала күнінде таэквондомен айналысқанын, соны қайта қолға алғысы келетінін ашып айтты. Одан бөлек, футболға қызығатынын, бос уақытта музыкалық тақырыптағы энциклопедиялар оқып, Play Station ойнағанды ұнататынын әңгімеледі.
Жіберіп алмаңыз:
Динара Қырықбаева екінші сәбиіне жүкті екенін айтып қалды
Баян Мақсатқызы қазақ әжелерін 91 жастағы гимнасттан үлгі алуға шақырды (видео)
Сиви Махмұдидің анасы әуезді әнімен көпшілікті таңдай қақтырды (видео)
“Жігіттер” тобындағы Айдар Құдайдан бала тілеп, 4 рет қажылыққа барған