"Димаш шақырды ма, Қайратты көруге келді ме": Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Алматыға келді
Фото: Желі кадрларынан
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан Алматыға келді. Оның Қазақстанға не мақсатпен келгені туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен желі қолданушыларының кейбірі Қайрат-Реал матчына келді десе, енді біреуі Димаш шақырды деп топшылауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрынғы қала әкімінің орынбасары, Nomad Wrestling басшысы Мақсат Қиқымов әйгілі актермен бірге түскен фотосын жариялады. Ол 25 қыркүйекте Джеки Чанды Алматы әуежайында қарсы алғанын алға тартты.
“Әлемдік кино аңызы! Оның фильмдері біздің көңілімізді ғана көтеріп қоймай, қозғалысқа, жаттығуға және бәрі мүмкін екеніне сенуге шабыттандырды. Оның үлгісімен көптеген адамдар алғаш рет спорт жолына түсті. Бізге керемет фильмдер дәуірін сыйлап, әлі күнге дейін миллиондаған адамдарға күш-қуат пен мотивация беріп жүргеніңіз үшін алғыс айтамыз”, – деп жазды Қиқымов.
Пост соңында Қиқымов Salem Entertainment медиакомпаниясына алғыс білдіріп, "сіздер тарихты жазып жатырсыздар" деген жазба қалдырды.
Қазір Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты нақты ақпарат жоқ. Кино сарапшылары бұл туралы жақын күндері мәлімдейміз деп отыр.
Ал желіде актермен бірге түскен суреттер тарап, желі қолданушылары оған ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебіздерін білдіруде. Көпшіліктің пікірінше, Джеки Чан Алматыға "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матчқа келген болуы мүмкін. Тағы бір бөлігі бұл сапарды Димаш Құдайбергеннің жобасымен байланыстырады.
"Биыл Қазақстанға Джей Ло, Backstreet Boys, енді Джеки Чан келді. Бұл керемет! Жолымыз болды!", "Балалық шағымызды ғажап еткен фильмдеріңіз үшін рахмет!", "Біздің сүйіктіміз! 100 жасқа дейін өмір сүріңіз!", "Өте құрметті актер. Оны ешқашан арсыз рөлдерден көрген емеспін", "Оның бұл сапары Димашпен байланысты деп ойлаймын. Олардың арасындағы жылы қарым-қатынас бәріне белгілі.", "Ол расымен Қазақстанда ма? Төбем көкке жетті!", "Бұл – еліміздің үлкен жетістігі! Енді жеңісті де күтеміз!", – деп жазды жұрт.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
