Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш не себепті қытай қызымен сүйіскенін түсіндірді (видео)

Димаш бейнебаянда қытай қызымен сүйіскен әрекетін түсіндірді. Желіде оның жаңа бейнебаянан үзінді тарады.

Димаш

© China HunanTV

Димаш жаңа бейнебаянда махаббаттың ұлы сезім екенін көрсетуге, ғашық жандар мәңгі бірге болсын деген ниетпен ғашықтар оқиғасын таңдап алғанын айтты.

“Махаббат – әлемдегі ең ұлы сезім. Оны көзбен көріп, тұнығын сезіну мүмкін емес. Махббаттан басқа қандай тақырыпты таңдауға болады? Бұл оқиға махаббатты сезінгендерге де, сезінбегендерге де, айырылысқан жандарға да әсер етеді деп ойлаймын. Ғашықтар бірге болсын деген ниет болды. Махаббатты  сезіну, тұнығына дейін түсіну — үлкен өнер. Осы ұлы сезім әрқайсыңыздың жүрегіңізде ұяласын деген ниетім бар. Өмірлеріңіз сыйластыққа, махаббатқа, жылулыққа толы болсын”, – дейді әнші.

Бұған дейін желіде Димаштың қытай қызымен сүйіскен ролигі жарияланған еді. Бұл қытайлық режиссер түсірген жаңа бейнебаян.

Бұл жайт желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау