Димаш Қытайдағы танымал журналдың мұқабасына шықты (видео)
Димаш Құдайберген Қытайда танымал “Easy” журналына сұхбат беріп, басылымның мұқабасына шықты. Сұхбат үзіндісін Димаштың жанкүйерлері орысшаға аударып, желідегі фан-парақшалардың бірінде жариялады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
EASY-дің Димаштан алған жауаптары:
— Әдетте үйден шығарда өзіңмен не ала шығасың?
— Кілт.
— Соңғы уақытта мазалап жүрген нәрсе бар ма?
— Аса ештеңе мазалап жүрген жоқ.
— Ұйқыдан ояну үшін саған оятқыш керек пе?
— Ұйқыдан тұруға көмектесетін адам керек.
— Ерекше әсер қалдырған сыйлық қандай?
— Жанкүйерден келген әр сыйлық.
— Сенің сүйікті тіркесің?
— Барлық сөздер.
— Соңғы рет қандай ән тыңдадың?
— Michael Jackson – Beat It.
— Әдетте ұйықтар алдында не істейсің?
— Өзімнің қауіпсіздігім үшін дұға етемін.
— Денеңнің қай бөлігі өзіңе қатты ұнайды?
— Бұл сұрақты өзіме қойғандарыңыз ыңғайсыздау екен, айтпаймын.
— Бала күнгі арманың қандай еді?
— Танымал әнші болу.
— Бізге көрсетпеген тағы қандай таланттарың бар?
— Көп………ха-ха-ха, қалжыңдаймын. Болашақта бәрін өздеріңіз білетін боласыздар.
Жіберіп алмаңыз:
Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)
Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым
Канн кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильоны ашылды
Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)