Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры босқындар мәселесін де қамтиды
Фото: https://dimashnews.com/
Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) өзінің Ізгі ниет елшісі, әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жаңа бастама жасайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы әлемдік тур барысында халық әртісі миллиондаған мигрант пен мәжбүрлі қоныс аударушылардың мәселесіне назар аудармақ.
"Димаш музыка адамдарды олардың шыққан тегіне қарамастан біріктіре алады деп сенеді. Оның ХКҰ Ізгі ниет елшісі ретіндегі адалдығы – миграция адамзат тарихының ажырамас бөлігі екенін және әрбір адам қоғамға үлес қосып, өз болашағын жақсартуға лайық екенін дәлелдейді", – деді ХКҰ Бас директоры Эми Поуп.
Айта кетейік, әлемдік тур 5 қазанда Нью-Йоркте басталып, әрі қарай Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларында жалғасады.
"Музыка бізді біріктіретін ортақ құндылықтарды еске салады. Біз бірлесе отырып, бүкіл әлемдегі осал адамдардың құқығын қорғап, оларды қолдауға қоғамды жұмылдыра аламыз", – деді Димаш Құдайберген.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
