Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)
Аспан асты елінде еліміздің даңқын асқақтатқан ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылу салтанатында опера әншісі Зарина Алтынбаевамен бірге ән салды. Төбесін көкке жеткізген ұлын халқы толассыз қошеметпен қарсы алды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қос әнші итальян тіліндегі опера ариясын заманауи өңделген күйде орындады. Ал бишілер мен фигуристер, сондай-ақ, скрипкашылар бұл орындауға өзіндік рең берді.
Еске сала кетейік, “I am a Singer” музыкалық жарысы 14 кезеңнен тұрады. Оған жеті орындаушы қатысады. Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген. Ал жерлесіміз сайыстың алғашқы турында жеңіс тұғырынан көрінді. Бақаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз 1 орынды қанжығасына байлады.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева Қытайдың үй шаруасымен айналысатын ер азаматтары туралы айтып берді
Тиматидың қалыңдығы әуретті жерлерін көрсетіп мақтанды (фото)
Ұлықпан қытайлық байқауда бір әншімен 40 маманның жұмыс істейтініне таңғалды
Қытайлық жанкүйерлері Димаш тоқтаған қонақүйді торуылдап жүр