Димаш Құдайбергенов Қытайдағы байқауда әйгілі хитті орындайды
Қытайлық ТВ-конкурсқа қатысып жатқан танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергенов келесі кезеңде Uptown Funk әнін орындайды.

“Осы аптада Bruno Mars репертуарынан “Uptown Funk” әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен — бірақ тапсырманы 100% орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін!”, — деп жазды Құдайбергенов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Ол өз табынушыларын сенбі күні Астана уақытымен 20:05-те Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмауға шақырды.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Қытайдағы қарсыласына домбыра сыйлады (видео)
Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)
Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген