Димаш Құдайберген ЭКСПО келушілері үшін ән шырқайды
26-30 маусым аралығында Астанада ЭКСПО – 2017 халықаралық арнайыландырылған көрмесіне арналған Ақтөбе облысының күндері өтеді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Бірегей шоу бағдарламаны 26 маусым күні кешке өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағындағы амфитеатр сахнасында “Ақтөбе – құтты мекен” гала концерті ашады. Оған “I am a Singer” халықаралық конкурсының финалисі Димаш Құдайбергенов, сонымен қатар қазақ эстрадасының жұлдыздары мен Ақтөбе облысының шығармашылық ұжымы қатысады”, — деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Астаналықтар үшін басты сыйлықтардың бірі – танымал ақтөбелік Димаш Құдайбергеннің Bastau Live show жеке концерті болмақ. 27 маусым күні астаналықтар мен Астана қонақтары ерекше дауыс иесін тыңдап, оның шығармашылығына тәнті бола алады.
Бес күн бойы “Қазанат” қалалық ипподромындағы этноауылда барлық келушілер үшін “Ақтөбе облысының қазынасы” ұлттық этнографикалық дүниелер көрмесі, ал “Has Sanat” астана галереясында “Ақтөбе мануфактуралары” атты картиналар көрмесі мен Ақтөбе облысының аса көрнекті архитектуралық ескерткіштерінің фотокөрмесі жұмыс жасайтын болады. Мәдени бағдарлама аясында ұлттық спорт ойындарын, тазы және төбет тұқымды иттердің көрмесін, “Қазақ күресі” мен “Тоғызқұмалақтан” ашық турнирлер және т.б. ұйымдастырылмақ.
Оқи отырыңыз:
Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық
“Алау” тобы Димаштан алған уәделері жайында айтты (видео)
Роза Рымбаева жас әнші Айдарбек Рысбекпен дуэт орындады
Мальдив аралдарында “Сальса” билеген отандық әртістер жұртты сүйсінтті (видео)