Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт кім

Ділназ Ахмадиева 2011 жылы тұрмысқа шығатыны туралы айтқан кезде, жұрт қуанышын бөлісіп, отырған қыздың орнын тапқаны туралы айтты. Бұдан кейін арада төрт жыл өткен соң жұлдыз жұбайымен ажырасатындығы туралы хабарлаған еді. Енді ажырасқандарына жарты жыл толмай жатып, әншінің жүрегін жаулаған азамат пайда болды.

78

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желі қолданушылары жоғарыдағы суретті көріп, әнші мен досы Нұрлан Әлімходжаевтың арасында ғашықтық сезімі бар екенін таласа жазған болатын. Бірі Нұрлан Әлімходжаев визажист болғандықтан, екеуінің арасында жұмыстан артық ешнәрсе жоқ десе, енді бірі керісінше араларында сезім бар деп жазған.

4

025

Көпшілік 36 жастағы Ділназ Ахмадиеваны шаңырағы шайқалған соң ұзақ уақыт өзіне келе алмай жүреді деп күткен-ді. Алайда экс-сүйіктісі өкінсін дегені ме, кім білсін, әйтеуір шаралардан жиі бой көрсетіп, инстаграмдағы парақшасында “сүйемін және мені сүйеді, сүйіктімді күтіп отырмын, бар болғаныңа шүкір, бақыт бар” сынды хэштегтері жазылған суреттерді жиі салатын болды.

0

 Әзірге әншінің  жүрегін жаулаған серінің кім екені белгісіз.

000

b84f80_1761a1a79ec8bd11c388c540bac0789d

Әнші отбасылық өмірге қадам баспай тұрып “All Давай” тобының солисі Шухратпен, әріптесі Иван Бреусовпен көңіл қосқан болатын. Алайда қарым-қатынастары тойға ұласпады. Бұл жолы дұрыс таңдау жасай білді деген ойдамыз.

Талқылау