Ділназ Ахмадиеваға сүйіктісі жүзік сыйлады (фото)
Ділназ Ахмадиева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында неке жүзігінің суретін көрсетті.
Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші Ділназ Ахмадиева осы уақытқа дейін сүйіктісімен жиі қыдыратынын айтып, әріптестерінің алдында оған алғыс жаудырған болатын. Десе де, әнші оның жүзін көрсетуге асықпайды.
Кездесіп жүргендеріне аз болса да, белгісіз азамат әншіге жүзік сыйлап үлгерген. Әзірге оның ұсыныс жасап-жасамағаны белгісіз.
“Қымбаттыларым, маған сәттілік тілеңіздерші! Менің үлкен жоспарларым бар! Қолымнан бәрі келетініне толықтай сенімдімін! Жаратқан мені қолдайды…” – дейді Ділназ Ахмадиева.
Осылайша көпшіліктен өзіне қолдау сұраған Ділназ Ахмадиева алдағы уақытта жақсы жаңалығымен бөлісетіндігін жеткізді.
Жіберіп алмаңыздар:
Ділназ Ахмадиева сүйіктісімен бірге теңізде демалып жатыр (фото, видео)
Ділназ Ахмадиева тыңдармандарына сүйіктісі бар екенін оның жүзін жасыра отырып көрсетті (фото)