Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр деп бетіме басқан кезде реніштен жылап жібердім
Әнші мен желі оқырманы арасындағы кезекті дау! Ділназ Ахмадиева ұлтына қатысты жағымсыз сөз айтып, намысына тиген әйелді сотқа бермек. Әнші мұндай адамдардан әбден мезі болғанын айтып, бұдан былай тіл тигізгендерді заңмен жазалайтынын ескертті, деп жазады Stan.kz.
Желіде sagira0406 есімімен тіркелген әйел Ахмадиеваның намысына тиетін сөз жазғаны үшін сотталып кетуі мүмкін.
Алғашқыда: «Мына ұйғырға не болған? Жаркент құрбың қайда? Ол да аллергия ма? Ұнатпаймын сені. Тез жазылып кет. Басқаларға ұнайтын шығарсың», – деп жазған әйел кейін әншіні қорғаштап сөйлеген желі оқырманына жауап беріп, одан сайын Ділназдың шамына тиген.
«Өтірік па не ұйғыр екені? Онда тұрған не бар? Сенің шыққаның не? Сен тәрбиелі болсаң болды, менің тәрбиемде нең бар? Әлде сен де ұйғыр ме едің? Тиіп кеттім бе?» – деген Сағира есімді оқырман Ахмадиеваның көз жасына себепкер болған.
Өз кезегінде әнші бұл пікірден айналып өте алмағанын айтып, Сағираға желі арқылы жауап берді.
«Мейірімді жандар, айтыңдаршы! Осындай адам еместер біздің елімізді қашанға дейін масқара етпек? Мен көпұлтты Қазақстан елінде, ашық аспан астында дүниеге келген ересек адаммын. Осы елде өсіп-өндім, әлі күнге дейін осында тұрып жатырмын. Менің ұлтым кімге кедергі болды? Не деген адамсыңдар өздерің? Еліміз үшін тындырған істерің жоқ бола тұра, республикамыздың мәдениетін дамытып жүрген адамдарды қорлайсыңдар! Олардың деңгейіне түспей-ақ қойыңыз деп айтудың қажеті жоқ! Ренжігенім соншалық, жылағым келіп отыр! Мұндай адамдар неліктен менің ұлтымды (және тек менің емес) қорлайды? Кім оларға мұндай құқықты берді? Сотқа беремін. Бұл бірінші рет емес. Мұндай адамдарды, тіпті аяп кетемін. Олар енді мәнсіз күштерін жоғалтып, ата-анасынан, күйеуінен не әйелінен қорқатын жандарға айналып барады! Бірақ мен күресті жалғастырамын! Маған сәттілік тілеп қойыңыздар! Бірақ мұндай жағдайда сәттілік әркез менің жағымда болады», – деп жазды ашынған Ділназ.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы Алматы облысы әкімінің қабылдауында болғанын айтып мақтанды
Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)
Қазақ киносындағы тарихи күн: Ақан Сатаевтың фильмі әлемдік прокатқа шығатын болды