Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева сүйіктісімен бірге теңізде демалып жатыр (фото, видео)

Елімізге танымал әнші Ділназ Ахмадиева сүйіктісімен бірге шетелде демалып жатыр. Ол бұл жолы да ғашығының “бөлшегін” ғана көрсетіп, желі қолданушыларының ашуын келтірді.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Ділназ Ахмадиева жеке өміріне қатысты жаңалықтарды құпия ұстағысы келеді. Осыған орай, желі қолданушылары оның Instagram парақшасын жіті бақылап, демалыс күндерін қалай өткізетінін “аңдып” отырады.

Мұны сезген әншінің өзі де кей әріптестері секілді сүйіктісін камераның ар жағына жасырады. Арасында оның қолы немесе иығы түскен кадрларды желіге жүктейді. Ол бұл жолы да ескі әдетіне басты. Мұнысы желі қолданушыларының шамына тиген-ді.

13259563_1023385397745205_1656122405_n

13266856_179084999159473_1251618499_n

Дәл қазір әнші сүйіктісімен бірге шетелде демалып жатыр. Теңіз жағалауында серуендеп, экзотикалық тағамдардан дәм татуда.

🐬🐳🐠🐟🌊🏊🏾 #люблюилюбима #счастьеесть #гармония #любовь 💙💙💙

Видео опубликовано Dilnaz Akhmadiyeva (@dilnaz_akhmadiyeva)

Әнші әр суретінің астына “сүйемін”, “мені сүйеді”, “махаббат мәңгілік” сынды хэштегтерді жиі жазады. Десе де, халықты сүйіктісімен таныстыратын күннің ауылы алыс секілді.


Оқи отырыңыз:

Ділназ Ахмадиева тыңдармандарына сүйіктісі бар екенін оның жүзін жасыра отырып көрсетті (фото)

Ділназ Ахмадиева жұрттың көзінше жаңа сүйіктісіне алғысын жаудырды

Ділназ Ахмадиева өзінің дене бітімін қобызға ұқсатты

Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт кім

Талқылау