Ділназ Ахмадиева не себепті Иван Бреусовтың үйлену туралы ұсынысын қабылдамағанын айтты
Ділназ Ахмадиева алғаш рет Иван Бреусовпен не себепті айырылысқанын ашып айтты.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.
Жуырда Ділназ Ахмедива күйеуінің опасыздық жасағанын ашып айтты. Әншінің жан-жарасы әлі жазылмаса керек. Десе де көңіл жарастырып жүрген сүйіктісі бар екен. Алайда ол сүйіктісінің бірнеше баласы мен заңды жұбайы бар. Әнші отбасылы еркекті сүйіп қалса да, оның әйелі мен балаларына еш жамандық тигізбейтінін айтты. Яғни ол азаматтың отбасын тастап кетуіне жол бермейді. Мұнымен қатар, әнші бір кездері сүйіп қосылған Иван Бреусовпен не себепті айырылысып кеткенін айтты.
“Біздің арамыздағы махаббат үлкен болды. Бізді музыкаға деген махаббат қана емес, барлығы байланыстырып тұрды. Мінсіз жұп болдық десе де болады. Ол маған ұсынысты тым кеш жасады. Мен оның ұсынысты әлдеқайда ерте жасағанын күттім. Ол маған ұсыныс жасаған кезде, “Иә” деп жауап қайырдым.
Артынша онымен қосыла алмайтынымды түсіндім. Мен оны сүймей қалдым. Бұл туралы оған ашып, бетіне айттым. Басқа жігітті сүйіп қалғаным туралы да айттым. Мен сені сүймеймін, біз бірге бола алмаймыз деп айттым. Артынша араға бір апта салып, ол басқа адамды сүйетінімді біліп қойды. Ал мен сүйген жігіт екі айдан кейін басқа қызға үйленіп кетті”, – дейді Ділназ Ахмадиева.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртастың анасы келінін жұртқа биыл көктемде таныстырмақ
Түскен тісінің орнына гүл қоймақ болған Алтынайдың қызы жұртты күлдірді (видео)
Алтынай Жорабаева Таиландта адамға жабысатын маймылдардан қорқып қалған (фото, видео)