Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева: Кәмшат пен Луина ашық-шашық киінсе, жезөкше болып кетті деген сөз емес

Соңғы жылдары желіде танымал жұлдыздарға жағымсыз, сыни пікір жазушылар қатары көбейген. Отандық шоу-бизнес өкілдері жазба авторларын “ұятмендер” деп атап кеткен. Ділназ Ахмадиеваның пікірінше, елімізде “ұятмендердің” болғаны бір жағынан жақсы. Оның себебін әнші Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Ахмадиева ділназ

“Біздің елімізде “ұятмендер” бұрыннан көп. Ол бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман. Неліктен екенін түсіндірейін. Жақсы жағы, біз өз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек, ол дұрыс. Біз балаларымызға менталитетімізді сақтап қалуға көмектесуіміз керек, қанша дегенмен біз мұсылман мемлекетіміз. Қанша сән туралы әңгіме ашсақ та, кей нәрселерді сақтап қалған дұрыс”, – дейді әнші.

Алайда Ділназдың бұл ұстанымы әртістерге келгенде күшін жоятын көрінеді.

“Бірақ әртістер туралы әңгіме бөлек. Олар – сахнаға әртүрлі образдарды шығаратын шығармашылық адамдар. Кәмшат Жолдыбаева, Луина, FM тобы сынды әртістерге ешқандай сын айтылмау керек. Онда тұрған ешқандай оғаш қылық жоқ, бұл дегеніңіз қыздар жезөкше болып кетті деген сөз емес. Бұл өте ауыр сөз, мүмкіндік болған сайын оны қыздарға айта берудің қажеті жоқ.

“Ұятмендерге” өз жастық шақтарын еске алсын деп кеңес бергім келеді”, – дейді Ахмадиева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Маусым, 2018 12:37
Талқылау