Ділназ әкесінің “Тақиялы періште” фильмінде ойнағанын айтып мақтанды
Ділназ Ахмадиева әкесінің танымал “Тақиялы періште” фильміне түскенін айтып мақтанды. Әнші әкесінің актерлік мансабын жалғастырмағанына өкінеді екен.
Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru
Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.
Комедия жанрындағы “Тақиялы періште” фильмі 1968 жылы түсірілген болатын. Аталған туындының режиссері – Шәкен Айманов. Басты рөлдерде Әмина Өмірзақова, Бибігүл Төлегенова, Бикен Римова және Ермек Серкебаев сынды актерлер мен актрисалар ойнаған. Олардың арасында Ділназ Ахмадиеваның әкесі Мұрат Ахмадиев те бар екен.
“Менің әкетайымнан тамаша актер шығатын еді. Киноға түсуді жалғастырмағаны өкінішті. Бұл “Тақиялы періште” фильмінің кадрлары. Оның кішкене ғана эпизодтық рөлі болған. Менің кішкене бауырым Әбдірайым Ахмадиев әкесіне қатты ұқсайды. Әсіресе мына суреттерде”, – деп мақтанды Ділназ Ахмадиева.
Әкесі мен баласының ұқсастығын желі қолданушылары да байқаған. Әсіресе қимыл-қозғалыстары мен күлкісін ұқсатқан.
Әншінің әкесі танымал “Яшлык” ұйғыр поп-ансамблінің негізін қалаған. Қазақстан Республикасының халық артисі, 1984-2007 жылдар аралығында Алматыдағы Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыка театрын басқарған. 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы парламентінің мәжіліс депутаты.
Жіберіп алмаңыз:
Ділназ Ахмадиеваға сүйіктісі жүзік сыйлады (фото)
Ділназ Ахмадиева сүйіктісімен бірге теңізде демалып жатыр (фото, видео)
Ділназ Ахмадиева тыңдармандарына сүйіктісі бар екенін оның жүзін жасыра отырып көрсетті (фото)