Диетолог күніне жеуге болатын нанның мөлшерін айтты
Британдық диетолог Джульетта Кэллоу наннан бас тартпауға шақырды. Оның айтуынша, егер ол дәнді ұннан жасалса, онда оның құрамында көптеген қоректік заттар, соның ішінде темір, кальций және В дәрумендері болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының айтуынша, мұндай ұн құрамында қоректік ұрық, энергетикалық эндосперма және талшыққа бай кебек қабаты бар.
Әдетте, тұтынылатын нанның мөлшері қалауыңызға, әдеттеріңізге және басқа да жеке факторларға байланысты. Дегенмен, қалыпты мөлшер - күніне бір немесе екі орташа тілім, дейді диетолог.
Ол нанды немен жеудің де маңызды екенін атап өтті - арықтағысы келетіндерге оған май, тосап, мармелад және бал қосуға болмайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"