Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диагноз қоймай, бір уақытта екі ота жасайын деді: 4 жастағы Айкөркемнің әкесі Айдос Меделхан ауруханаға түсті

Қаңтар құрбандарының бірі 4 жастағы Айкөркемнің әкесі Айдос Меделхан ауруханаға түсті. Бұл туралы Меделханның өзі хабарлады.

Желіде оның №4 Алматы қалалық ауыруханада, хирургия бөлімінде жатқандығы туралы ақпарат тараған еді.

“Денсаулығы нашар, белгісіз диагнозбен, дәрігерлер оны отаға дайындап жатыр екен, бірақ ешқандай медициналық құжатын келіншегіне көрсетпеген, диагнозын айтпаған, тек ота жасалған соң диагноз қоймақшы екен. Бұл енді сұмдық қой, медицинаның дамыған кезінде неге диагнозды анықтамайды?! Одан қалса палатасында жалғыз өзі ғана жатыр екен 28 желтоқсаннан бері. Айдосқа қастандық жасауы әбден мүмкін деген ой келіп тұр. Айдостың амандығы керек әділеттілікті орнату үшін!”, – деп жазды желі қолданушысы.

Мәселені анықтау үшін Меделханның өзіне хабарласқан едік. Ол денсаулығы нашарлап, бүйрегі ауырған соң ауруханаға түскенін растады.

“Екінші бүйрегіме ота жасатқызбай қойдым. Айғай-шу болып кеткен соң, жасайын деп жатқан отаны жасамай, басқасын жасады. Бүйректен тас алды. Диагноз қоймаған еді. Дәрігерлер бір уақытта екі ота жасайын деді”, –деді ол өз сөзінде.

Оның сөзіне қарағанда, қазір жағдайы тұрақты. 

Меделхан 28 жетоқсаннан бері ауруханада жатқанын айтып өтті. Ауруханадан қашан шығарады деген сұрағымызға:

“Бүгін-ақ кетіп қалар едім. Жібермей жатыр. Екінші бүйректі тескізбедім. Ешқандай диагноз қоймады. Биопсияға жібереміз деді, онкология ма, қандай сырқат екенін анықтайды”, – деді ол.

Stan.kz тілшісіне № 4 қалалық клиникалық ауруханасында жағдайға қатысты түсінік берді. Меделханның несеп тас ауруы диагнозымен түскенін мәлімдеді.

“1979 жылы туған науқас М. № 4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне 2022 жылдың 28 желтоқсанында несеп тас ауруы диагнозымен түскен. Науқасқа урология бөлімшесіне хирургиялық емдеу - сол жақ несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің тасын контакт-лазерлік уретеролитотрипсиясын жасау үшін жатқызу ұсынылды. Науқас одан бас тартты.

Әңгімелесу жүргізілді, науқасқа мұның салдары мен денсаулығына қандай қауіп төнуі мүмкін екені ескертілді. Жазбаша бас тарту алынды. 02.01.2023 жылы науқас № 4 қалалық ауруханаға қайта түсті, урология бөліміне жатқызылды. 2023 жылдың 3 қаңтарында хирургиялық емдеу жоспарланған: сол жақ несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігіндегі тастың контактілі лазерлік уретеролитотрипсиясы”, – делінді хабарламада. 

Талқылау