Дэвид Бенавидес Сауль Альваресті допинг қолданды деп айыптады
Фото: Ethan Miller / Getty Images
WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Дэвид Бенавидес мексикалық боксшы Сауль Альваресті допинг қолданды деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, "Канело" өзінің мансабындағы ең үздік жекпе-жегін тыйым салынған препараттардың әсерімен өткізген.
Бенавидестің бұл пікірі Канелоның 2017 жылы Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жекке қатысты айтылып отыр. Сол кездесуден кейін Альварестің сынамасынан кленбутерол табылған. Боксшының командасы бұл жағдайды "ластанған еттен" болды деп түсіндірген, алайда Бенавидес бұл уәжге күмән келтірді.
"Канело ең мықты болған кезде – ол стероидтардың әсерінде болды. Мен бұл туралы мамандармен сөйлестім, олар мұндай нәтижеге жету үшін бір тұтас сиыр жеу керек деп айтты", – деді Бенавидес.
Ол сондай-ақ Альваресті өзімен жекпе-жектен қашып жүр деп айыптады. "Ол менімен күресе алмайтынын біледі. Сол себепті алыста жүреді", – деді америкалық боксшы.
Еске салайық, 2018 жылы Сауль Альварес допинг ережелерін бұзғаны үшін алты айға спорттан шеттетілген болатын.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
