Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолына тосқауыл қойылды": Сора Рахмонова әріптесі Назым Қызайбайға қатысты пікір білдірді

Белгілі спортшы Сора Рахмонова Париж Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған Назым Қызайбайға қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Спорттағы әріптесі Назым Қызайбайдың аяғынан шалушылар көп болғанын жайып салды. 

“10 жылдан аса уақыт. Жанып тұрған кезі. Тыс қалған екі Олимпиада. Назымды дер кезінде бағаламадық. Қолда барда алтынның қадірін білмедік. Бәрібір алмас қылыш қап түбінде жатпайды екен. Аяғынан шалған, жолына тосқауыл қойған кедергілерге қарамастан Назым бәрібір Олимпиададағы өзіне тиесілі жүлдесін алды. Тағдырдың бермесін тартып алды десе де болады. Сенің спорттағы жолың барша қазақ қыздарына үлгі. Біз сенімен мақтанамыз, Назым! Сен біз үшін Чемпионсың! Олимпиаданың қола жүлдесі құтты болсын, Қазақ елі!”, – деп жазды Сора Рахмонова.



Айта кетейік, 50 келіде жұдырықтасатын отандасымыз ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Валенсияны ұтқанымен, жартылай финалда қытайлық боксшы У Юймен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтылып қалды. Осылайша, Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Бұған дейін, Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Олимпиада жүлдегері, боксшы Назым Қызайбайдың үйінің жанындағы жолдар жөнделеді деген ақпаратты жоққа шығарғанын жазған едік. 

Талқылау