Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай "Париж-2024" Олимпиада ойындарында жартылай финалға шықты
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж олимпиадасының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Ұлттық Олимпиада комитетінен: Сали Сабиров
Олимпиада ойындарының 1/4 финалында оның қарсыласы Колумбия өкілі Ингрит Валенсия болды. 50 келіде сынға түскен спортшымыз колумбиялық қарсыласынан басым түсті.
Осылайша Назым алтын жүлдеге таласатын болады.
Еске салсақ, бұған дейін бокстан Сәкен Бибосынов өзбекстандық олимпиада чемпионынан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмаған еді.
"Анам бүгін келе ме?": Жақынынан айырылған балаға қаралы хабарды қалай жеткізу керек
Әлеуметтік желіде желі қолданушысы бес жастағы қызға анасының қайтыс болғанын қалай жеткізерін білмей жүргенін жазған
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

