Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжілістің кеңейтілген отырысында депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін басқа қызметке ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Берденов

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

“Шымкент әкімінің 2025 жылғы 24 ақпандағы өкімімен парламент мәжілісінің депутаты Руслан Арысбекұлы Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізіп отыр”, – деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Дауыс беруде 92 депуттың 90-ы Берденовтің өкілеттігін тоқтатуды қолдады. 

"Сіздермен бірге елдің игілігі үшін қаншама үлкен сұрақтарды көтеріп, күресіп, соңына жетіп, мәселелерді талқылағаным, сіздердің араларыңызда болғаным – мен үшін үлкен мәртебе. Бәлкім, бұл елдің тарихындағы ең белсенді депутаттар шақырылымы болды. Шын мәнінде, қолымнан келгенімше айтқан сөздерімді орындауға тырыстым", – деді Берденов.

Еске салайық, Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 39 жастағы Руслан Берденовтің өзі де Шымкенттің тумасы. Оның кәсіпкерлік пен мемлекеттің қызметте тәжірибесі мол. 

Берденовтің орнына мәжіліске Екатерина Смолякова тағайындалды. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) проректор қызметін атқарады және қазақ тілін жетік меңгерген.

Талқылау