Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек

ҚР парламент мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді. Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, оны үкімет басшысының атына жолдады.

мажилис

 

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі..

“Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстанда білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс”, – дейді депутат Смирнова.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Премьер-министр азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін әкімдерге ұрысты

Талқылау