Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрін “аспаннан жерге түсірді”

Халық қалаулыларының ойынша, еліміздің бас дәрігері жердегі мәселерді шешудің орнына жұлдыз санап қиял қуып жүр. Бұл пікірмен келіспеген министр болса, қате диагноз қойған дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек деп бұлқынып отыр. Бүгін Мәжіліске ауқымды реформасын алып келген Денсаулық сақтау министрі қоластындағы ақ халаттыларды осылай ақтап алуға тырысты, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Дәрігер жұмысына атүсті қараса жазалау керек. Ал, егер науқасты емдеуге бар күшін салып, бірақ қателік жібергені дәлелденсе, кешіріммен қарауға шақырамын. Өйткені, ешбір диагнозды 100 пайыз анықтау мүмкін емес. Әрі нақты ем-дом жазу да өте қиын”, – дейді ҚР Денсаулыұ сақтау министрі Елжан Біртанов.

Осылай деп қол астындағыларды қорғаған еліміздің бас дәрігері медицина саласын цифрландыруға қатысты ауқымды бағдарламасын да таныстырды.  Елжан Біртановтың айтуынша, 2022 жылға дейін Қазақстандағы барлық емханалардың жұмысы электронды форматқа көшпек. Яғни, дәрігерлер қазіргідей түрлі құжаттарды толтырып қағазға көмілмейді. Әрі пациенттердің қолында жүрген медициналық карта да болмайды. Оның орнына электронды денсаулық паспорты жүреді.  Сондықтан ақхалаттылар алдына келген науқастың сырқат тарихын ауыз­ша сұрап, қолмен жазып отырмайды. Азаматтың жеке куәлігіндегі штрих-кодты компьютерге тигізсе болды, барлық дерек автоматты түрде мониторға шығады екен. Ол үшін ел азаматтарының денсаулығы туралы ақпаратты бір базаға біріктіру қажет.

“Интеграциялық платформаның негізгі мақсаты түрлі-түрлі медициналық ақпарат жүйелерін біріктіру өздерімен қосу. Қазір 6 мыңнан астам медициналық ұйым бар. Ол бір-бірімен қосылу өте қиын. Мүмкін емес. Сонымен біздің жоспар бойынша, Интеграциялық платформа негізінде әрбір медициналық ұйым толық пациент туралы құжаттары ақпараттарды көруге мүмкіндік алады”, – дейді ҚР Денсаулыұ сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның үстіне сәуір айынан бастап тұрғындар уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы мен туберкулез, наркологиялық диспансерде тіркеуде бар жоғы туралы қағазды үйден шықпай-ақ, е-гов сайтынан онлайн алуға болады.  Әзірге сынақ ретінде үш облыс Ақмола, Қостанай, және батыс Қазақстан облысындағы кейбір ауруханалар электронды форматқа көшірілген.

Мәжілісмендер мұндай бастаманы бір ауыздан қолдады деп айтуға болмайды.

Көбі медицина саласын осылай электронды форматқа көшіру жұмысына күмәнмен қарап отыр. Өйткені, шалғай елді мекдердің көбінде әлі күнге дейін интернет жоқ. Оның үстіне көптеген ауруханалардың әбден тозығы шыққан. Сондықтан алдымен, саладағы былықты реттеп алу керек деп отыр.

“Аспанға қарап жұлдызды санағаннан гөрі, жердегі тіршілікке дұрыс көзбен қараған жөн секілді. Көптеген жерлерде ауруханалардың, емханалардың жағдайы төмен. Сіз өз құрметті министр ауылда  болып көрдіңіз бе? Сонау кеңес өкіметінде алынған құрал жабдықтар тұр әлі. Цифрландыру деп айтып жатырмыз соларды алдымен ауыстырып алайық”, – дейді Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов.

Ал, Денсаулық сақтау министрі мұндай сынға аса мән берген жоқ. Елжан Біртанов, дәрігерлерді қағазбастылықтан арылту мәселені түбегейлі шешетініне сенімді.  Өйткені, қағаздан қолы босаған мамандар науқастарға көбірек көңіл бөледі дейді министр.

Оқи отырыңыз:

Мемлекеттік грантта оқыған дәрігерлер ауылда еңбек етуге міндеттелуі мүмкін

Ресей тас жолында қазақстандықтар мінген көлік құтқарылды

Астанада краннан ақ түсті, химиялық иісті, көпіргіш су ағып жатыр

Петропавлда оқушылар латыншаға аударатын қосымша ойлап тапты

Талқылау