Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Қазақстанда коучтар мен бизнес тренерлерді сертификаттауды ұсынды

Мәжіліс депутаттары псевдомамандар тұтынушыларды алдамауы үшін коучтар мен бизнес тренерлерді сертификаттауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay 

Депутат Динара Наумованың айтуынша, елімізде өткізілетін тренингтер, шеберлік сабақтары мен семинарлардың сапасына көңілі толмайтын қазақстандықтардың саны артып келеді.

“Жетістік” пен жеңіл келетін ақшаға ұмтылатын адамдар көбіне уәдеге сенеді. Осылайша оқуға үлкен ақша құяды. Кейде ол үшін несие алады. Бірақ көбіне оқуға көңілі толмайды әрі жұмсалған ақшаны кері қайтара алмайды. Өйткені олардың құқығын қорғау механизмі жоқ”, – дейді депутат. 



Депутаттың сөзінше, сапасыз білім беру қызметтерін жалған мамандар көрсетеді.

“Қазақстан бұл саланы реттеуі керек. Өйткені нақты стандарттар мен біліктілік талаптарының жоқтығы "кез келген адамға өзін коуч немесе жаттықтырушы деп атауға мүмкіндік береді". Бұл алаяқтыққа жағдай жасайды. Олардың әрекетінен тұтынушылар ғана зардап шекпейді. Саналы мамандарға да зиян келеді”, – деді депутат. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін депутат коучтарды, жаттықтырушылар мен түрлі мамандарды міндетті сертификаттау және аккредиттеу жүйесін әзірлеуді ұсынды.

Наумова вице-премьер Ермек Көшербаевқа осындай мамандардың тізілімін жасауды ұсынды. 

Айта кетейік, бұған дейін психологтар желіде ақыл тарататын коучтардың зардабы туралы дабыл қаққан еді. 

Талқылау