Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Жаңа салық кодексіндегі "қателіктерді" атады

Видеодан кадр

Парламент жаңа Құрылыс кодексін мақұлдады. Бұған дейін Мәжіліс 1038 тармақтан тұратын құжатты мақұлдап, оны Сенатқа жолдаған болатын. Жоғарғы палата тұрғын үйді күтіп-ұстау ережелеріне, жергілікті мәслихаттарға құжат тапсыру тәртібіне және жобалау материалдарын әзірлеуге қатысты 27 түзету енгізді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Экономикалық реформа комитеті бұл өзгерістерді қолдауды ұсынды. Енді заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді.

Жаңа Салық кодексі кейбір түзетулер енгізілген жағдайда одан да жетілдірілген болар еді. Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов осындай пікір айтты.

"Салық кодексі де, жалпы салық реформасы да қажет, уақыты келді. Бірақ 3-4 норма бар, егер оларды түзетсек, құжат әлдеқайда жақсы болар еді. Мұнда әңгіме салық мөлшерлемелері туралы емес, себебі мөлшерлемелер өзгеріп тұрады. Егер еске алсақ, 7-8 жыл бұрын ҚҚС мөлшерлемесі 20 пайыз болған. Яғни, салық ставкалары валюта бағамы немесе белгілі бір тауардың бағасы сияқты  өсіп те, төмендеп те отырады. Ал мәселе  жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық қатынастарды бұзатын нормаларда", - деді Айтуар Қошмамбетов.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт ішінде шағын бизнестің ірі бизнеске қызмет көрсетіп, тауар сататын тұтас бір кластері қалыптасқан.

"Бұл бүкіл әлемде қолдау көрсетілетін ынтымақтастық, ал бізде қазір оған тосқауыл қойылып отыр. Шағын бизнес бухгалтер жалдап, есеп жүргізуге мәжбүр болады. Осы норманы өзгерту керек еді. Сонымен қатар бір кәсіпкердің жеңілдетілген режимде бірнеше компания иеленуіне тыйым салатын норма бар. Менің ойымша, бұл да дұрыс емес, себебі кәсіпкер көпсалалы болуы мүмкін. Бір адамның әртүрлі бизнес түрімен айналысуы оның салықтан жалтарып немесе мемлекетті алдап отырғанын білдірмейді", – деді депутат Қошмамбетов.

Оның пікірінше, мемлекет цифрлық бақылау мен мониторинг мүмкіндіктерін күшейтуі тиіс.

Сондай-ақ Қошмамбетов бірнеше реформаны бір уақытта енгізу "шоктық әсер" беріп, алдымен бизнеске, кейін қарапайым тұтынушыларға әсер етуі мүмкін екенін айтты.

"Тағы бір мәселе, 1 қаңтардан бастап бізде бірден көптеген реформалар күшіне енеді. Салық кодексі, тауарлардың ұлттық каталогы, қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі, жаңа салық кабинеті. Бұлар өте көп. Тарифтер де төмендетіледі. Мұның барлығы бизнеске үлкен жүктеме болады, кейін бұл тұтынушыға, яғни сіз бен бізге әсер етеді. Мұндай реформаларды бір мезетте жүргізуге болмайды. Бұл шоктық әсер беруі мүмкін. Алдағы уақытта мұндай реформаларды кезең-кезеңімен енгізу қажет", - дейді мәжілісмен.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Салық реформасы аясында тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімін кеңейтіп, оған 44-тен астам қызметті енгізу жоспарланған еді. Үкімет, депутаттар және бизнес өкілдерінің қатысуымен бұл мәселе ұзақ уақыт талқыланды. Қыркүйек айында мәжілісмендер тыйым салынған тізімде ЭҚЖЖ-нің шамамен 1000 түрі болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Кейін Ұлттық экономика министрлігі үкіметтің жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізбесін бекітетін қаулы жобасын жариялады. Бұл тізімге 1111 ЭҚЖЖ-нің 795 түрі, яғни салық төлеушілердің шамамен 30 пайызы кірді.

Қазан айында Қазақстан Үкіметі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық реформалардың теріс салдарын азайтуға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.

Атап айтқанда, жаңа Салық кодексінің шағын және орта бизнеске тигізетін кері әсерін төмендету үшін жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға қатысты артық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде тыйым салынған тізімде қолданыстағы заңнамадағыдай тек 44 қызмет түрі ғана қалды.

Рая Мінәп
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 11:59