Депутат жаңа Конституцияда сөз бостандығын шектеуді ұсынды

Қазақстанның Конституциялық кеңесінің екінші отырысында депутат Снежана Имашева Конституцияға сөз бостандығын шектейтін түзету енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Снежана Имашева Конституциядағы адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау нормасын мемлекеттің міндеті ретінде нақтылауды ұсынды.
18-бап мынадай тұжырыммен толықтырылуы мүмкін: “Жеке өмірге қол сұғудан, жеке және отбасылық құпияға конституциялық құқық, сондай-ақ жеке деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы, тікелей қорғау”.
Конституциялық комиссия мүшесі Жақып Асановтың айтуынша, бұл түзету мемлекетке жеке деректермен қалай жұмыс істеу керегін нақты ережелермен белгілеу міндетін жүктейді. Егер біреу деректерді заңсыз пайдаланса немесе олар сыртқа тарап кетсе, жауапкершілік арқалайды. Түзету интернет пен цифрлық технологиялардан туындайтын қауіптерді ескеріп, азаматтардың жеке өмірі мен деректерін қорғауға бағытталған.
“Сонымен қатар қосымша конституциялық шектеу енгізіледі: сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесіне, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс, сондай-ақ зорлық-зомбылықты, соғысты және алауыздықты насихаттау мен арандатуға тыйым салынатын әрекеттер тізімі кеңейтіледі”, – деді Снежана Имашева.
- Қазақстанда жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салынбақ
- Биліктің жаңа моделі: Қазақстанда вице-президент пен Құрылтайдың міндеті қандай болмақ
Сондай-ақ сөз бостандығынан бөлек бейбіт жиындарға да шектеу қою ұсынылды. Бейбіт минитгілерден бас тарту негіздерінің тізімін кеңейту қарастырылып жатыр.
“Азаматтардың бейбіт жиналыстарға құқығы туралы бапқа да нақтылаулар ұсынылады. Бұл құқықты заңмен шектеуге болатын негіздер кеңейтіледі. Мақсаттар тізіміне: конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін сақтау енгізіледі”, – деді Имашева.
Астанада Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстарды талқылауға арналған Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Отырыста Әділет министрі Ерлан Сарсембаев президент қандай жағдайда Құрылтайды таратып жіберетінін айтты.