Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат тиімсіз жұмыс істеген әкімдерді екі жылдан кейін қызметінен босатуды ұсынды

Фото: parlam.kz

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Бақытжан Базарбек әкімдерге екі жыл сынақ мерзімін енгізуді, екі жылдан кейін олардың жұмыс нәтижесін бағалауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Республикалық маңызы бар қалалардың және облыс әкімдерін тағайындағаннан кейін екі жылдық сынақ мерзімін енгізу қажет. Бұл сынақ кезеңі міндетті түрде мынадай макроэкономикалық көрсеткіштерді қамтуға тиіс: өңірдің табыс деңгейі, салықтардың жиналу дәрежесі, индустриялық-инновациялық жаңалықтар мен стартаптар, өңірдің экономикалық өсу рейтингі, инвестициялық тартымдылық деңгейі, тартылған инвесторлар саны, құрылған жұмыс орындары және нақты іске қосылған өндірістік кәсіпорындар саны.

Нәтиже жоқ па, әкім тиімсіз жұмыс істегені үшін өз өкілеттігін тоқтатуға тиіс. Менің ойымша, халқымыз дәл осындай түбегейлі тәсілді күтеді", – деп мәлімдеді Бақытжан Базарбек.

Сондай-ақ өңірдегі түрлі жобаларға салынатын инвестициялар көлемін жалпыға қолжетімді етіп, әкімдердің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін қоғамдық карта құруды ұсынды.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 15:26
Талқылау