Депутат Ринат Зайытов наурыз айында бұрынғы уақыт белдеуінің қайтарылатынына сенім білдірді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов наурыз айында бұрынғы уақыт белдеуінің қайтарылатынына сенім білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Бұл туралы депутат Qazaq Airan басылымына берген сұхбатында айтты.
“Уақыт белдеуінің ауысқанының қандай пайдасы тиді? Бұл мәселе наурыз айында шешімім табады. Мәжіліс төрағасы үкіметке наурыз айында отырыс жасайтымызды айтты. Сол отырыста не бүк болады, не шік болады”, – дейді депутат.
Депутат наурыз айындағы отырыста бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы шешім қабылданатынына сенімді екенін атап өтті.
“Өзгереді. Себебі үкіметтің позициясы әлсіз. Не дәлелдейді олар бізге? Біз тек сол жиынның уақытын күтіп отырмыз”, – дейді депутат.
Еске салсақ, бұған дейін депутаттар үкіметке бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырғаны туралы жазған едік.
Талқылау