Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат мәдени құндылықтарды құрметтемегендерге қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстанда материалдық емес мұраны қорғау туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин "Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы" заң жобасын әзірлеу идеясын қолдады. Оның пікірінше, құжатта Қазақстандағы материалдық емес мұраны қорлағандар қалай жазаланатынын нақтылау қажет.



Депутат киіз үйде ашық киіммен билегендерді келтірді.

"Әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің қоғамдағы орнын анықтауымыз керек. Әдет-ғұрыпты арандататын адамдар бар, олардың да мәртебесін нақтылаған жөн. Киіз үйде билеген қыздар естеріңізде ме? Оларға не істеуге болады? Бұл мәселелерді де заң жобасы аясында қарастыруымыз керек", – деді Ерболат Сатыбалдин.

Депутат заң жобасын әзірлеу кезінде осы мәселелердің барлығын реттейтін министрліктерді анықтау қажеттігін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Желіде Алматыда киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тараған еді. Қоғамда қызу талқыланған видеода кәжекей киген жартылай жалаңаш қыздар мен жігіт киіз үйде билегені бейнеленген. Ролик Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілген. 

Желіде тараған видео дау тудырған соң қылмыстық іс қозғалған еді. 

Талқылау