Депутат көріпкелдер мен экстрасенстерге салық төлетуді ұсынды

Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым көріпкел, психологтардың және сол сияқты басқа да қызмет түрлерінің қызметін реттеуге байланысты заң жобасын талқылауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат “Сіз бұған дейін көріпкелдерге жүгіндіңіз бе?” деген сұрағына жауап берді.
“Көріпкелдерге жүгінген жоқпын. Мен көріпкел тұрмақ, ертегілерге де сенбеймін”, – деді Айдос Сарым.
- "Болашағымызды білгіміз келеді": Қазақстандықтар балгерлер мен көріпкелдер қызметіне 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсаған
- Қазақстандық әйел тарологтан болжамы орындалмағаны үшін 100 мың теңге өндіріп алды
Кейін оған “мемлекет осындай мамандарға лицензия беруі керек пе?” деген сұрақ қойылды.
“Жоқ. Менің ойымша, егер қоғамның белгілі бір бөлігі бұған сенсе, бұл сенім жоқ дегенде ақылға қонымды болу керек, яғни, ешқандай трагедияға әкелмеу керек. Бұл – бір. Екіншіден, олар салық төлеуі керек. Қазына толсын”, – деп жауап берді мәжілісмен.
Бұған дейін қазақстандық балгерге сенемін деп 4,5 миллион теңгесінен айырылып қалғанын жазған едік.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен