Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат медициналық білімі жоқ блогерлердің денсаулыққа қатысы бар өнімдерді жарналамауына тыйым салуды ұсынды

Фото: istockphoto.com

Сенат депутаты Геннадий Шиповских медициналық және медицинаға жақын өнімдерді тиісті кәсіби білімі жоқ адамдардың жарнамалауын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат урологиялық сипаттағы құралдар, гормоналды препараттар, салмақ азайтуға және иммунитетті көтеруге арналған қоспалар, сондай-ақ ерлердің жыныстық денсаулығына әсер ететін өнімдерге тоқталды.

"Бұл өнімдер кейде “дәрігерсіз, табиғи әрі қауіпсіз шешім” деген ұранмен де ұсынылып жатады", – дейді депутат.

Сенатордың айтуынша, мұндай жарнамадан негізгі пайданы блогерлер мен жарнама берушілер көреді, ал денсаулыққа зияны мен салдарын тұтынушылар көтереді. 


Бөксесін үлкейткісі келген блогер отадан кейін қайтыс болды

Есірткі қолданғанын айтып, тікелей эфирге шыққан қазақстандық блогер 10 тәулікке қамалды


Депутат сондай-ақ осындай жарнамаға сеніп, өз денсаулығына зиян келтірген жағдайда жауапкершілікті кім көтеретіні жөнінде мәселе көтерді. Ол Қазақстанда қауіпті әрі жол берілмейтін жарнаманың таралуын шектеу үшін Meta, TikTok және өзге де платформалармен бірлескен шешімдер әзірлеуге шақырды.

“Адам денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдерді медициналық білімі жоқ тұлғалардың жарнамалауына шектеу қоюды және мұндай жарнаманың салдарынан азаматтардың денсаулығына зиян келтірілген жағдайда аталған өнімді жарнамалаған тұлғаның жауапкершілікке тартылуын қарастыруды ұсынамыз”, – деді сенатор.

Сонымен қатар депутат әлеуметтік желілерде есірткі, жезөкшелік, онлайн-казино және порнографиялық мазмұндағы жарнамаларды автоматты түрде анықтап, бұғаттайтын тетіктерді енгізуді ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін заңсыз лотерея үшін айыппұл арқалаған қазақстандық блогерлердің тізімі жарияланған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 20:51