Депутат "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын Астанада өткізуді ұсынды
Фото: f.c.kairat Instagram парақшасынан алынды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчын Астана Аренада өткізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, шетелдік жанкүйерлер, соның ішінде "Реал Мадрид" жанкүйерлері, стадионға және жолдың ұзақтығына, қыркүйек айының аяғындағы суық ауа райына да наразы болуы мүмкін.
" Жанкүйерлер мен Уэльс футбол федерациясы Қазақстандағы футбол стадиондарының жағдайына шағымданды. Сондықтан Қазақстанның абыройы үшін қажет болса негізгі аренаға көшіретіндей футбол федерациясы бар мүмкіндікті қолдануы керек. Аутсайдерлермен басқа ойындарды "Қайраттың" өз алаңында ойнатқан дұрыс", – деді ол.
Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал Мадрид" кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді деп жоспарланған. Ойын билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады.
Бұған дейін 26 тамызда алматылық "Қайрат" өз алаңында Шотландияның "Селтигін" қабылдады. Плей-офф раундында алматылықтар екі кездесудің қорытындысы бойынша Шотландияның "Селтик" клубынан мықтырақ болды. Глазгода және Алматыда өткен ойындар 0:0 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында қазақстандық футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
