Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаржылық қулық": Депутаттар Отбасы банкін азаматтарға өз ақшасын пайызбен беріп отыр деп сынады 

Депутат Ислам Сұңқар 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап Отбасы банкі аралық қарыз беру шарттарын өзгерткенін, бұл шешімнің қазақстандықтар үшін әділетсіз шешім болғанын айтты. Оның айтуынша, "Отбасы банкінде" ипотека алған азаматтар депозитке сол соманың жартысын жинайды. Жинап болған соң банк клиентке қалған бөлігін береді. Алайда несие берілген кезде тұрғын үйдің барлық құнына пайыз жүреді, яғни адамның өз қаражаты есебінен де, берілген сомаға да есептеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин

Депутат банк мұндай қадамды қазақстандықтарды ұзағырақ және тәртіпті үнемдеуге ынталандыру үшін жасалғанын мәлімдегенін айтты. Банк салымшылардың наразылығына клиент енгізген сома депозитте жатады және қарыз бойынша қамтамасыз ету туралы күмәнді түсініктемелер береді. 

"Мысалы, клиент 10 миллион әкелсе, банк оған 10 миллион береді, ал сыйақы мөлшерлемесі 20 миллион теңгеге есептеледі. Адамға өз ақшасын пайызбен беру және бұл үшін қосымша банк комиссиясын алу қаншалықты әділетті? Салымшылардың наразылығына банк бұл ақша депозитте жатыр, оған пайыздық мөлшерлеме және мемлекет сыйлықақысы да бар деген жауаптар береді. Бірақ бұл жай ғана қаржылық айла деп есептейміз. Өйткені депозит мөлшерлемесі небәрі 2 пайызды құрайды. Мемлекет сыйлықақысы шектеулі сомаға, яғни 200 АЕК беріледі", – деп түсіндірді Ислам Сұңқар.

Депутаттар бұны қаржылық қулық деп санайды.

“Сонымен қатар 2023 жылы қазақстандық ірі банктер арасында өз капиталының пайдасын ұлғайту бойынша дәл осы Отбасы банкі көш бастап тұр. Өсім 87,9%, яғни 107,5 млрд теңге. Сонымен қатар бұл қарапайым салымшыларға әсер етпейді. Сондықтан екінші әділ сұрақ туындайды, кірісті кім алады? Банк немесе Қазақстан азаматтары? Біз банк клиенттердің ақшасын төмен мөлшерлемемен депозитте пайдаланып, миллиардтаған табыс табатынын және оны клиентке бермей өз қалауы бойынша пайдаланатынын деп әділетсіз деп санаймыз”, – деді депутат. 

Депутат Ислам Сұңқар үш ұсыныс айтты:

1.​Екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылыс жинағына лицензия беру мүмкіндігін қарастыру. Клиенттер банктер ұсынған ең жақсы шарттарды таңдай алатындай депозиттер мен қарыздар бойынша бәсекелестік қажет.

2.​Исламдық ипотека беретін банктерге тұрғын үй қарыздарын беруге қатысуды көздеу, бұл кейіннен сатып алумен жалға алуды білдіреді.

3.​Реттеудің нақты ережелерімен елде кредиттік және тұрғын үй-жинақтаушы кооперативтер құру мүмкіндігін қарастыру.

Бұған дейін Қазақстанда 1 наурыздан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын жаздық.

Талқылау